ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 маусым – Sputnik. KIA автокөлігі мен ЗИЛ жүк көлігі сқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Белгілі болғандай, жеңіл автокөлікті 29 жастағы ер адам басқарған. Ол әуелі 50 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, артынша жүк көлігімен соқтығысқан.
"Жаяу жүргінші мен KIA көлігінің 42 жастағыжолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың біреуі қайтыс болды", - делінген Алматы облыстық полиция депаратментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша сараптама жасалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.