АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Биыл ауылда су тасып, ондаған отбасы үйсіз қалды. Наурыз айында жаңа баспананың құрылысы басталған болатын. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жақын арада абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жасап беруге уәде берді. Оның айтуынша, уақыт өте келе бұл аумақ тұтас тұрғын үй алабына айналалды.
Қобда ауылында 30 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды
© Ақтөбе облысының әкімдігі
Құрылыс жұмыстарына 200-ден астам жұмысшыға қатысты. Қобда ауылының Жаңақоныс тұрғын үй алабындағы құрылыс алаңдарында жұмыстар тәулік бойы жүргізілді. Қажетті барлық инфрақұрылым - ауыз су, электр қуаты, көгілдір отын тартылды.
Қобда ауылында 30 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды
© Ақтөбе облысының әкімдігі
Әрбір үйдің ауданы - 100 шаршы метр. Барлығы бірыңғай жобамен салынған, қасбеттері кірпішпен қапталды. Құрылысшылар үй иелерінің талап-тілектерін ескере отырып, жөндеу жұмыстарын да жасап берді.
Ал демеушілердің қатарында аралас жекпе-жектің чемпионы Шавкат Рахмонов та бар. Оның ақшасына Алдрабековтер әулетінің үйі салынды.
Айта кетері, Қобда ауылындағы су тасқыны кезінде 79 үй мен 22 ауланы су басты.
Облыс басшысы, зардап шеккен бірде-бір отбасы баспанасыз қалмайтынын айтқан болатын.
"Комиссия жұмысы аяқталмағанына қарамастан, ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында Қобда ауылындағы 75 отбасы және Қаратал ауылындағы 11 отбасы 500 мың теңгелік сертификаттарға ие болды", - деген еді Ералы Тоғжанов.