АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 2023 жылдың сәуірінде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге арттық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – әрқайсысы 2,4 есе, жүк автомобильдері 2,5 есе артты.
"2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 730,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы – жеңіл автомобильдер, 10,3%-ы – жүк көліктері және 2,1%-ы – автобустар", - деп жазылған хабарламада.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 48,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,1%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6,3% және автокөлік құралдарының тек 9,2%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем.
Айта кетері, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 жылдан асатын автомобильдер саны 2%-ға азайған.
"2023 жылғы сәуірде 3353 жол апаты тіркеліп, 4785 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8%-ға азайды", - дейді мамандар.
2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 20,9 млн теңге сомасына 37276 сақтандыру төлемін жасады.