https://sputnik.kz/20230616/sauirde-1714-myn-avtokolik-esepke-qoyyldy-36040128.html
Сәуірде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды
Сәуірде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 2023 жылдың сәуірінде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге арттық, деп... 16.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-16T19:08+0500
2023-06-16T19:08+0500
2023-06-16T19:08+0500
автокөлік
тіркеу
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33850530_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_10cd0ff37d9f4fef7a85eaca790c3b29.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 2023 жылдың сәуірінде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге арттық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – әрқайсысы 2,4 есе, жүк автомобильдері 2,5 есе артты.Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 48,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,1%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6,3% және автокөлік құралдарының тек 9,2%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем.Айта кетері, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 жылдан асатын автомобильдер саны 2%-ға азайған."2023 жылғы сәуірде 3353 жол апаты тіркеліп, 4785 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8%-ға азайды", - дейді мамандар.2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 20,9 млн теңге сомасына 37276 сақтандыру төлемін жасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33850530_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_ebf36479045b312666c2c6569827ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, тіркеу
Сәуірде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 2023 жылдың сәуірінде 171,4 мың автокөлік есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге арттық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – әрқайсысы 2,4 есе, жүк автомобильдері 2,5 есе артты.
"2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 730,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы – жеңіл автомобильдер, 10,3%-ы – жүк көліктері және 2,1%-ы – автобустар", - деп жазылған хабарламада.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 48,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,1%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6,3% және автокөлік құралдарының тек 9,2%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем.
Айта кетері, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 жылдан асатын автомобильдер саны 2%-ға азайған.
"2023 жылғы сәуірде 3353 жол апаты тіркеліп, 4785 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8%-ға азайды", - дейді мамандар.
2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 20,9 млн теңге сомасына 37276 сақтандыру төлемін жасады.