Саясат

Астана форматында Сирия бойынша келіссөздер 20-21 маусымда өтеді – СІМ

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Келесі аптада елордада Астана форматында Сирия бойынша келіссөздер өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
"20-21 маусым күндері елордада Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу өтеді", - делінген хабарламада.
Келіссөздерге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сондай-ақ Сирия үкіметі мен сириялық оппозицияның өкілдері қатысады.
Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері келеді деп күтілуде.
Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен сол жердегі жағдай, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары және тағы басқа мәселелер кіреді.
Қоғам
Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты