Қаңтар оқиғасы

Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 кәсіпорын өтемақы алды

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 кәсіпорынның шығынын өтеді. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.
"16,2 млрд теңге өтемақы төленді. Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде – осы жылдың 1 маусымына дейін алды", - деп атап өтті Әмрин.
Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді орындауға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды.
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 25 адамға сот үкімі шықты