https://sputnik.kz/20230519/qantar-oqigasy-almatyda-25-adamga-sot-ukimi-shyqty-35077624.html
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 25 адамға сот үкімі шықты
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 25 адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik... 19.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-19T14:33+0500
2023-05-19T14:33+0500
2023-05-19T14:33+0500
алматы
тәртіпсіздік
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_e201ee70f86d81cd88abdd2a092489a1.jpg
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Соттың мәліметінше, 25 айыпталушы 2022 жылдың 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының әр жерінде жаппай тәртіпсіздікке қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкеткен.Сотталушылар қауіпті өндірістік нысаның аумағына, арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіріп, айтарлықтай залал тигізді деп айыпталып отыр.Сондай-ақ, олардың алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруларын ұрлап әкеткені және жаппай тәртіпсіздік кезінде билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіріп, жойғаны анықталды. ⠀Сот шешімі бойынша, 20 азаматқа рақымшылық заңы қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды. 4 тұлғаға рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды. Бір азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230515/qantar-oqigasy-uqk-nyn-11-qyzmetkeri-qylmystyq-zhauapqa-tartylyp-zhatyr-34893054.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_9f824de4210a22bcbeb58ccfd3c45ce4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік, сот
алматы, тәртіпсіздік, сот
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Соттың мәліметінше, 25 айыпталушы 2022 жылдың 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының әр жерінде жаппай тәртіпсіздікке қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкеткен.
Сотталушылар қауіпті өндірістік нысаның аумағына, арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіріп, айтарлықтай залал тигізді деп айыпталып отыр.
Сондай-ақ, олардың алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруларын ұрлап әкеткені және жаппай тәртіпсіздік кезінде билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіріп, жойғаны анықталды. ⠀
"Жаза тағайындау кезінде мынадай мән-жай ескерілді: сотталушылардың кінәсін толық және жартылай мойындауы, бұрын сотталмағаны, жеке басы, жас мөлшері, құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, кәмелетке толмаған балаларының болуы, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қаупінің сипаты мен дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылықты төтенше жағдай кезінде жасауы", - делінген хабарламада.⠀
Сот шешімі бойынша, 20 азаматқа рақымшылық заңы қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды. 4 тұлғаға рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды. Бір азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.