Елорда тынысы

Үрейге берілмейміз: Астанада дабыл жүйелері іске қосылады

Sputnik
АСТАНА, 14 маусым –Sputnik. Бүгін Астанада халықты төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыруға арналған дабыл жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "109" қызметіне сілтеме жасап.
"Құрметті астана тұрғындары және қонақтары! 2023 жылдың 14 маусымында сағат 09: 55-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті электродабылдарды қоса отырып, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді. Үрейге берілмей, сабыр сақтауларыңызды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Өңірлер
Ертең Шымкентте дабыл жүйесі қосылады