Өңірлер

Ертең Шымкентте дабыл жүйесі қосылады

дабыл
дабыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті 12 мамырда дабыл жүйесі қосылатынын хабарлады.
"Шымкентте жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады", - делінген ресми хабарламада.
Сейсмикалық жаттығулар кезінде "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылы қосылып, теледидар мен радио арналары арқылы беріледі.
"Құрметті қала тұрғындары! Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек. Білім беру, денсаулық сақтау нысандарында, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау жұмыстарын пысықтайтын сейсмикалық жаттығулар өтеді", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық жаттығуларға түсіністікпен қарап, үрейге салынбауды сұрады.
Жаңалықтар
0