АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 02:17-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 376 шақырым жерде Қытай аумағында Қазақстан мен Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.8. Магнитудасы – 5.1. Тереңдігі – 5 шақырым.