Оқиға

Алматыдан 25 шақырым қашықтықта жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинСейсмограф мәліметтері
Сейсмограф мәліметтері - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 04.12-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында, Қырғызстанмен шекаралас жерде болған. Бұл Алмарасан шатқалы мен Шымбұлақ арасындағы жер.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. MPV, магнитудасы 4,2. Тереңдігі 20 шақырымға жетеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жойқын жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған жүйе орнатылды
Жаңалықтар
0