Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрт: министрлік соңғы ақпаратты бөлісті

Sputnik
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Абай облысында төрт учаске әлі де өртеніп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Қазіргі уақытта 4 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, олар: Поднебесное ауылында, Шүлбі кентінде, Жерновка ауылында және Каштак орманшылығында. Өртті сөндіру үшін жер үсті техникасы мен авиация тартылды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
"Өртке қарсы минералданған жолақтар жасау жұмыстары әлі да жалғасып жатыр. Өрт жайылып кетпеу үшін арық қазылып, өрттің жиегі топырақпен жабылып және толтырылып жатыр", - деп толықтырды ведомстводан.
Сәрсенбі күні таңғы сағат 6:00-ден бастап 214 рет жалпы массасы 640 тонна су су төгілген.
Жәрдемақы және баспана: өрттен көз жұмғандардың отбасына тағы қандай көмек көрсетіледі