https://sputnik.kz/20230613/zhardemaqy-zhane-baspana-ortten-koz-zhumgandardyn-otbasyna-tagy-qanday-komek-korsetiledi-35903384.html
Жәрдемақы және баспана: өрттен көз жұмғандардың отбасына тағы қандай көмек көрсетіледі
Жәрдемақы және баспана: өрттен көз жұмғандардың отбасына тағы қандай көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-13T11:54+0500
2023-06-13T11:54+0500
2023-06-13T11:54+0500
абай облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35785087_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_e0c253edfaa41727d852b6bd17104f38.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысында орман өртінен қаза болған 14 орманшының отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Аптаның әр сейсенбісінде өтетін үкіметтің кезекті отырысы өрттен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет атынан марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.Сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:Бұған қоса, кредиттерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің несиелік жүктемесі анықталады."Мен бұған дейін өртті өршімей тұрып, басталған сәтте сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керектігін ескерткен болатынмын. Өрттің таралуына жол бермеу үшін техника мен адамдарды көбірек жіберу керек еді. Далада немесе орманда өрт шыққанда бірінші күні, алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез-келген апаттың алдын-алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады", - деді үкімет басшысы.Айта кетейік, қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету үшін арнайы қор құрылды.Ал "Қазақстан халқына" қоры қаза тапқандардың балаларын білім беру гранттарымен қамтамасыз ететінін атап өтті."18 жасқа толмаған балаларға Эндаумент қорында арнайы шот ашылады, онда болашақта берілетін грант үшін әр балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталады", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/20230613/qaza-tapqan-ormanshylardardyn-otbasylaryna-7-mln-tengeden-tolenedi-35886395.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35785087_83:0:1198:836_1920x0_80_0_0_ed39d2d8edd3c0337cf2884daf8099bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, өрт
Жәрдемақы және баспана: өрттен көз жұмғандардың отбасына тағы қандай көмек көрсетіледі
Премьер-министр қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысында орман өртінен қаза болған 14 орманшының отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аптаның әр сейсенбісінде өтетін үкіметтің кезекті отырысы өрттен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет атынан марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.
"Президенттің Абай облысындағы жедел штабтың отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына "Қазақстан халқына" қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленеді. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды", - деді Смайылов.
Сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:
отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Бұған қоса, кредиттерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің несиелік жүктемесі анықталады.
"Мен бұған дейін өртті өршімей тұрып, басталған сәтте сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керектігін ескерткен болатынмын. Өрттің таралуына жол бермеу үшін техника мен адамдарды көбірек жіберу керек еді. Далада немесе орманда өрт шыққанда бірінші күні, алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез-келген апаттың алдын-алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады", - деді үкімет басшысы.
Айта кетейік, қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету үшін арнайы қор құрылды.
Ал "Қазақстан халқына" қоры қаза тапқандардың балаларын білім беру гранттарымен қамтамасыз ететінін атап өтті.
"18 жасқа толмаған балаларға Эндаумент қорында арнайы шот ашылады, онда болашақта берілетін грант үшін әр балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталады", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.