Абай облысындағы орман өрті

Скляр Абай облысындағы алапат өрт туралы: жағдайды жете бағаламаған

Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Абай облысындағы орман өрті неге дер кезінде ауыздықталмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер Склярдан орман өртінің таралуына неге жол берілгенін сұрады.

"Жергілікті жерде жағдайды жете бағаламағаны көрініп тұр. Өрт жылдам жайылып, салдарынан осындай жағдай болды. Адамдардың қазаға ұшырауы, әрине, өте өкінішті жағдай. Қазір Бас прократура тергеу жүріп жатыр, толық жауабын береді", - деді вице-премьер.

Айтуынша, болашақта алапат өртке жол бермеу үшін барлық мемлекеттік органның жауапкершілігі мен міндеттерін айқындайтын нақты алгоритм дайындау қажет.
"Сіздер білесіздер, тілсіз жаумен күреске қорғаныс, төтенше жағдай министрліктерінің күштері мен құралдары, орман шаруашылықтарының күштері тартылды. Бірақ мұндай жағдайда жылдам жұмыс істеу керек. Біз ең басында өртті ауыздықтау мүмкіндігін қолдан жіберіп алдық", - дейді Скляр.
Айтуынша, қазір орман өртін сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп тұр.
Оқиға
Абай облысында екі орманшы ыс тиіп уланды