ПАВЛОДАР, 13 маусым – Sputnik. Павлодар облысының тасжолында болған жол апаты екі жолаушының өмірін қиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"13 маусым күні Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10-шақырымында ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.
Жол апатының салдарынан аударылған көліктің 2004 жылы туған жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Қажетті сараптамалар жасалды.