Өңірлер

Министр "Семей орманы" резерватын қаржыландыруға қатысты түсініктеме берді

Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өрт шыққан "Семей орманы" резерватында қажетті құрал-жабдық пен техниканың болмауына қатысты түсініктеме берді.
Үкімет кулуарында министр орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне 2023-2025 жылдарға 121,5 млрд теңге, биыл 52,7 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.
Журналистердің "саланың жағдайы неге мәз емес және қаражат дұрыс бөлінді ме?" деген сұрағына Жамаубаев "белгілі бір норма бар" екенін айтты.
"Белгілі бір нормативтер бар, біз министрлікті сол бойынша қаржыландырамыз. Бүкіл техниканы бір жыл ішінде жаңарту мүмкін емес екені түсінікті. Әрине, анықтау қажет", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі таңда қосымша қаржыландыру көзделмеген, бірақ комиссия қажетті қаражатты есептеп жатыр.
Жамаубаев өрттен келген шығын туралы айту әзірге ерте екенін, өйткені тілсіз жаумен күрес жалғасып жатқанын айтты.
"Алқаптың едәуір бөлігі отқа оранған, сол себепті барлық процедураның, соның ішінде арнайы комиссия жұмысының аяқталғанын күтейік", - деді вице-премьер.
Қасақана от қою, немқұрайлылық, найзағай: министрлік орман өртінің себебін анықтап жатыр