https://sputnik.kz/20230613/ministr-semey-ormany-rezervat-qarzhylandyru-35911065.html
Министр "Семей орманы" резерватын қаржыландыруға қатысты түсініктеме берді
Министр "Семей орманы" резерватын қаржыландыруға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өрт шыққан "Семей орманы" резерватында қажетті құрал-жабдық пен... 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-13T15:42+0500
2023-06-13T15:42+0500
2023-06-13T15:42+0500
өңірлер
ерұлан жамаубаев
орман өрті
семей
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25402683_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_dd2a2146ea2a9599d418ca17c1b21c3b.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өрт шыққан "Семей орманы" резерватында қажетті құрал-жабдық пен техниканың болмауына қатысты түсініктеме берді.Үкімет кулуарында министр орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне 2023-2025 жылдарға 121,5 млрд теңге, биыл 52,7 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.Журналистердің "саланың жағдайы неге мәз емес және қаражат дұрыс бөлінді ме?" деген сұрағына Жамаубаев "белгілі бір норма бар" екенін айтты.Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі таңда қосымша қаржыландыру көзделмеген, бірақ комиссия қажетті қаражатты есептеп жатыр.Жамаубаев өрттен келген шығын туралы айту әзірге ерте екенін, өйткені тілсіз жаумен күрес жалғасып жатқанын айтты."Алқаптың едәуір бөлігі отқа оранған, сол себепті барлық процедураның, соның ішінде арнайы комиссия жұмысының аяқталғанын күтейік", - деді вице-премьер.
https://sputnik.kz/20230613/qasaqana-ot-qoyu-nemquraylylyq-nayzagay-ministrlik-orman-ortinin-sebebin-anyqtap-zhatyr-35910273.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/08/25402683_272:0:3003:2048_1920x0_80_0_0_94269b3dbb42db3f5530eda2f7737624.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерұлан жамаубаев, орман өрті, семей
ерұлан жамаубаев, орман өрті, семей
Министр "Семей орманы" резерватын қаржыландыруға қатысты түсініктеме берді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өрт шыққан "Семей орманы" резерватында қажетті құрал-жабдық пен техниканың болмауына қатысты түсініктеме берді.
Үкімет кулуарында министр орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне 2023-2025 жылдарға 121,5 млрд теңге, биыл 52,7 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.
Журналистердің "саланың жағдайы неге мәз емес және қаражат дұрыс бөлінді ме?" деген сұрағына Жамаубаев "белгілі бір норма бар" екенін айтты.
"Белгілі бір нормативтер бар, біз министрлікті сол бойынша қаржыландырамыз. Бүкіл техниканы бір жыл ішінде жаңарту мүмкін емес екені түсінікті. Әрине, анықтау қажет", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі таңда қосымша қаржыландыру көзделмеген, бірақ комиссия қажетті қаражатты есептеп жатыр.
Жамаубаев өрттен келген шығын туралы айту әзірге ерте екенін, өйткені тілсіз жаумен күрес жалғасып жатқанын айтты.
"Алқаптың едәуір бөлігі отқа оранған, сол себепті барлық процедураның, соның ішінде арнайы комиссия жұмысының аяқталғанын күтейік", - деді вице-премьер.