АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі. Сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.