Өңірлер

Сарыағашта ұрлық үшін қамауға алынған ер адам изолятордан қашып кетті

Түркістан облысының кіреберісі мен шыға берісіне бекеттер қойылды
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Түркістан облысында күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Полиция "Құрықтау" жоспарын жариялады.
Оқиға кеше, 11 маусымда болған.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деген күдікке ілінген ер адам Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен.
"Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған", - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары "Құрықтау" жоспарын жариялады. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шыға берісіне бекеттер қойылды.
Сондай-ақ ұстау шараларына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының полициясы, көліктегі полиция бөлімдері мен ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылды.
Оқиға
Алматы облысында жазасын өтеп жүрген әйел колониядан қашып кетті