Қазақстанда бүгін жалпыұлттық аза тұту күні

Астананың рәміздер алаңыдағы еліміздің ең үлкен ту төмен түсірілді. Бүгін - жалпыұлттық аза тұту күні. Абай облысында жалынмен арпалысып жанын қиған 14 орман шаруашылығы қызметкердің рухына тағзым ету күні
Sputnik
Семей орманындағы өрт 8 маусымда тұтанды. Семей филиалының мәліметінше, алғашында Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га аумақта ағаштар жанған. Кейіннен өрт 60 мың гектардан астам алқапты шарпып, 14 адамның өмірін жалмады.
9 маусымда өрт өршіп, аумағы 20 мың гектарға жетті. От ошағына жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуациялана бастады. Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
10 маусымда өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.

11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына барып, қаза тапқан қызметкеерлердің туыстарымен кездесті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.
Абай облысында төтенше жағдай кезінде қаза болғандар "Құрмет" медалімен марапатталды.