АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астаналық әйел Бурабайда таудан құлап қаза болды, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 11 маусым күні болды.
Анықталғандай, бір күн бұрын марқұм күйеуі және кәмелетке толмаған балаларымен бірге елордадан Бурабай ауданына келген. Келіншек "Бөлектау" тауының шолу алаңына көтеріліп бара жатқанда суретке түспекші болады. Алайда 15 метр биіктіктен құлап кетіп, тасқа соғылған.
Ақмолалық полицейлер адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қонақтардан сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінді.