АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Талица, Половинки және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.
Оның айтуынша, ауылдар орман қорынан тыс орналасқандықтан қауіп жоқ.
"Батпаев және Қаштақ бағыттарында 9 тікұшақ, ТЖМ, қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасы ысып, желді болғандықтан екі өрт ошағы қайта күшейді. Салдарынан адамдарды үйлерінен шығару туралы шешім қабылданды. Кешеден бері жағдай тұрақталды, бірақ ауа райына қарап, өртті толық оқшаулау туралы болжам айту әлі де ерте", - дейді Гариков.
Абай облысының әкімдігі де дәл осындай уәж айтады.
"Талица аумағы өрт ошағының ортасында болғандықтан, жағдай тұрақсыз. Бірақ Талица, Половинки және Қаштақа қауіп жоқ. Өйткені бұл елді мекендер орман қорының шегінен тыс, жолдың ар жағында орналасқан. Жерновкаға да қауіп жоқ", - деп қорытындылады әкімнің орынбасары.