https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysynyn-ush-auylynda-ort-qaupi-zhoyyldy-35879701.html
Абай облысының үш ауылында өрт қаупі жойылды
Абай облысының үш ауылында өрт қаупі жойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Талица, Половинки және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков. 12.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-12T17:41+0500
2023-06-12T17:41+0500
2023-06-12T17:41+0500
өңірлер
абай облысы
ауыл
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35873909_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_28125a92b7dac698be2b83b1324232cc.jpg
АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Талица, Половинки және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков. Оның айтуынша, ауылдар орман қорынан тыс орналасқандықтан қауіп жоқ. "Батпаев және Қаштақ бағыттарында 9 тікұшақ, ТЖМ, қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасы ысып, желді болғандықтан екі өрт ошағы қайта күшейді. Салдарынан адамдарды үйлерінен шығару туралы шешім қабылданды. Кешеден бері жағдай тұрақталды, бірақ ауа райына қарап, өртті толық оқшаулау туралы болжам айту әлі де ерте", - дейді Гариков. Абай облысының әкімдігі де дәл осындай уәж айтады. "Талица аумағы өрт ошағының ортасында болғандықтан, жағдай тұрақсыз. Бірақ Талица, Половинки және Қаштақа қауіп жоқ. Өйткені бұл елді мекендер орман қорының шегінен тыс, жолдың ар жағында орналасқан. Жерновкаға да қауіп жоқ", - деп қорытындылады әкімнің орынбасары.
https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysyndagy-alapat-ort-qalay-komek-korsetuge-bolady-35877100.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35873909_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2f6b62284c5c406516d2b140595bb316.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, ауыл, өрт
Абай облысының үш ауылында өрт қаупі жойылды
АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Талица, Половинки және Қаштақ ауылдарына өрт қаупі төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.
Оның айтуынша, ауылдар орман қорынан тыс орналасқандықтан қауіп жоқ.
"Батпаев және Қаштақ бағыттарында 9 тікұшақ, ТЖМ, қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасы ысып, желді болғандықтан екі өрт ошағы қайта күшейді. Салдарынан адамдарды үйлерінен шығару туралы шешім қабылданды. Кешеден бері жағдай тұрақталды, бірақ ауа райына қарап, өртті толық оқшаулау туралы болжам айту әлі де ерте", - дейді Гариков.
Абай облысының әкімдігі де дәл осындай уәж айтады.
"Талица аумағы өрт ошағының ортасында болғандықтан, жағдай тұрақсыз. Бірақ Талица, Половинки және Қаштақа қауіп жоқ. Өйткені бұл елді мекендер орман қорының шегінен тыс, жолдың ар жағында орналасқан. Жерновкаға да қауіп жоқ", - деп қорытындылады әкімнің орынбасары.