Қоғам

Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Президент қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Президент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты
"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады", - деді Тоқаев марқұмдардың туыстарымен кездесуінде.
Ол қайғылы жағдайға кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Президент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты
Сондай-ақ президент дүйсенбі, 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын айтты.
"Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз",– деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысында өрттен қаза болған 14 орманшының тізімі мен фотосы жарияланды