АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. SCAT әуе компаниясы 2023 жылғы 8 шілдеден бастап Пәкістанға жолаушылар рейстерін ашады, деп хабарлайды тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Жолаушыларды Вoeing 737 типті әуе кемелері тасымалдайды.
Тікелей тұрақты рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Алматы – Лахор бағытында орындалады.
Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.