Оқиға

Астанада үш жасар бүлдіршін 9-қабаттан құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Астанада 3 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 10 маусымда Жүргенов көшесінде болған.
"102" жедел байланыс орталығына 9-шы қаабаттан бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Өкінішке қарай, бүлдіршін алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды", - дейді ведомство.
Құтқарушылар ересектерге балалардың өміріне сақ болуды ескертеді. Олар көпқабатты үйде тұратын баласы бар отбасыларға терезелеріне темір тор орнатуды ұсынады.
Оқиға
Астанада әйел баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті