Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрт: түтінге уланған бір адам ауруханаға жеткізілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Көміртегі тотығынан уланып, ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адам Семей ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Жағдайы орташа ауыр.
Қатты түтін тараған елді мекендер аймағында халық толығымен эвакуацияланды.
Сонымен қатар министрдік Абай облысында ормандағы өртке байланысты медициналық алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадалары ұйымдастырылып, стационарларда резервтік төсек-орын дайындалғанын хабарлады.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аудандық аурухананың пациенттері Бородулиха ауылынан Жезкент кентіне және Семей қаласының СМКА көпбейінді стационарына көшірілген.
Өңірлер
Өрт алты елді мекенге қарай тарап жатыр: Смайылов тапсырма берді