АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлады жұма күні төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жезқазғанда екі жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Түркістан облысында Таукент ауылында бес жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетті.
Ол оқиға орнында көз жұмды.