АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысында өрт кезінде қаза тапқан үш орман шаруашылығы қызметкерінің кім екені әлі анықталған жоқ
Экология министрлігінің мәліметінше, қаза болғандардың мүрдесі тікұшақ арқылы биіктен көрінген. Алайда алапат өртке байланысты оларға жақын бару мүмкін болмай тұр.
"Олар орман шаруашылығы қызметкерлері болуы мүмкін. Өйткені жандарында техника тұр", - деп жауап берді ведомстводағылар Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Сонымен қатар ведомстводағылар, өрт аумағы 30 мың гектарды құрады деген желіде тараған ақпаратқа қатысты да пікір білдірді. Министрлік өрт аумағы 50 гектар дегенді болжауда. Болжам "Қазақстан Ғарыш Сапары" мәліметіне сүйеніп жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында орман өртеніп жатыр. Бұған дейін ТЖМ үш орман шаруашылығы қызметкерінің қаза тапқаны туралы хабарлаған.