https://sputnik.kz/20230609/semey-orman-orti-totenshe-zhagday-zhariyalandy-35809674.html
Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Семейде алапат орман өртіне байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі. 09.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-09T17:04+0500
2023-06-09T17:04+0500
2023-06-09T17:06+0500
өңірлер
семей
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35176208_107:0:1131:576_1920x0_80_0_0_029f31f12c3ae2d58cce8aefa6a70f86.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Семейде алапат орман өртіне байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді.Әкімдік Абай облысының Бородулиха ауданында ТЖ режимі әлі сақталғанын атап өтті.Еске салсақ, 8 маусым күні сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет түсуінен шыққан.Тілсіз жау салдарынан Батпаев, Камышен және Успен орман шаруашылықтары зардап шекті. Түнде Успен, Грушовка және Поднебесное ауылдарының тұрғындары эвакуацияланды.9 маусым күні орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Қазір оларды іздеп жатыр.Соңғы деректер бойынша орман өрті 30 мың га аумақты шарпыған.Қазір өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақпен 192 тонна су шашылды.Сондай-ақ Астана қаласы және Қарағанды облысынан қосымша 133 адам және 48 техника, сондай-ақ 4 тікұшақ жіберіледі.
https://sputnik.kz/20230609/abay-oblysyny-ort-orman-sharuashylyqtary-14-qyzmetker-35804977.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35176208_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_2654f6c4908411a68cdfdd4ce094f66e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, төтенше жағдай
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Семейде алапат орман өртіне байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді.
"Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты (Батпаев орман шаруашылығының 66, 67, 55, 42 кварталдары) аумағында өрт шығуына байланысты Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.
Әкімдік Абай облысының Бородулиха ауданында ТЖ режимі әлі сақталғанын атап өтті.
Еске салсақ, 8 маусым күні сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет түсуінен шыққан.
Тілсіз жау салдарынан Батпаев, Камышен және Успен орман шаруашылықтары зардап шекті. Түнде Успен, Грушовка және Поднебесное ауылдарының тұрғындары эвакуацияланды.
9 маусым күні орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Қазір оларды іздеп жатыр.
Соңғы деректер бойынша орман өрті 30 мың га аумақты шарпыған.
Қазір өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам және 177 техника, 6 тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақпен 192 тонна су шашылды.
Сондай-ақ Астана қаласы және Қарағанды облысынан қосымша 133 адам және 48 техника, сондай-ақ 4 тікұшақ жіберіледі.