Астана халықаралық форумы

Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 28 млрд долларға жетті

Елордада Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан – Америка инвестициялық дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі
Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Экономика министрі Әлібек Қуантыров Америка сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиге Қазақстанда АҚШ-тың іскерлік миссиясын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Министрдің айтуынша, 2020 жылы құрылған Қазақстан – Америка іскерлік кеңесі америкалық компаниялардың республикадағы қатысуын кеңейтуге көмектесетін сенімді алаңға айналды.
Қуантыров дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстанда бизнесті жүргізудің шарттары мен инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, финтех және креативті индустрия сияқты салаларға қатысты.
"Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы бұрын-соңды болмаған 28 миллиард доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Қазақстанның Экономикалық ытнымақтастық және даму ұйымы сияқты халықаралық инвестициялық стандарттарды ұстануы оны шетелдік инвесторлар сенімді сауда-экономикалық серіктес ретінде толығымен тануына мүмкіндік береді", - деді министр.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша америкалық бизнесмендер мемлекеттер арасында тығыз байланыс орнатуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыруға және кеңейтуге дайын екендерін білдірді.
Экономика
Француз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады