Экономика

Француз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады

© Photo : сайт премьер-министра КазахстанаФранцуз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады
Француз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Машина жасаумен айналысатын Alstom компаниясы Қазақстан экономикасына 50 миллион еуродан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Біз Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде біз жүздеген миллион еуро инвестиция салып, жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл біздің стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл жерде француз компанияларының Қазақстанға инвестиция бағыттауын жалғастыру үшін өте үлкен ынталандыру бар", - деді компанияның Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары бойынша президенті Эндрю ДеЛеоне премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесуде.
© Photo : сайт премьер-министра КазахстанаФранцуз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады
Компания Alstom планирует развивать производство в Казахстане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Француз компаниясы Қазақстанға 50 млн еуродан астам инвестиция салады
ДеЛеоне компанияның Қазақстандағы өндірісті одан әрі дамытуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.
"Alstom бүкіл республика бойынша өзінің сервистік орталықтарын салу үшін тағы 50-ден 100 миллион еуроға дейін инвестициялауды қарастырып жатыр. Біз сондай-ақ жаңа локомотивтердің дамуына қолдау көрсеткіміз және тасымалдау қауіпсіздігін жақсарту үшін бүкіл ел бойынша инфрақұрылымның әлеуетін арттырғымыз келеді", - деді компания басшысы.
Тараптар сондай-ақ Қазақстанның транзиттік-көлік секторын дамыту келешегін, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылады.
Alstom – франциялық машина жасайтын компания, теміржол көліктерін шығаруда әлемдік көшбасшылардың бірі. Alstom компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастығы 2010 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ үшін электровоздар шығаратын заманауи зауытты құрудан басталды. Соңғы 12 жылда Alstom республикада өзінің қатысуын кеңейтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істейтін 8 кәсіпорында 1000-нан астам жұмысшы еңбектенеді.
Жаңалықтар
0