АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Астанада "Ақселеу" ЖШС электригі жұмыс кезінде шұңқырда уланып қалды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 7 маусымда Нұра ауданындағы Омаров көшесінде сағат 16:00 шамасында болған.
""Ақселеу" ЖШС электригі, 1985 жылы туған адам су құбырының құдығына түсіп, жұмыс істеп жатқан кезде газ буына уланып, есінен танып қалған. Құдықтың жанынан өтіп бара жатқан 1998 жылғы азамат ес-түссіз жатқан адамды көріп, көмек көрсету үшін құдыққа түскен. Ол да көмірқышқыл газына уланған", - дейді ведомство.
Шұңқырда уланып құлап жатқан екі адамды төтенше жағдай мамандары құтқарып қалған. Екі адам да ауруханаға жатқызылды.