https://sputnik.kz/20230408/soltustik-qazaqstanda-ush-adam-gazga-ulanyp-qaytys-boldy-33705203.html
Солтүстік Қазақстанда үш адам газға уланып, қайтыс болды
Солтүстік Қазақстанда үш адам газға уланып, қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде көміртегі тотығымен уланып, үш ауыл тұрғыны қайтыс болды. 08.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-08T11:18+0500
2023-04-08T11:18+0500
2023-04-08T11:18+0500
солтүстік қазақстан облысы
газ
улану
https://sputnik.kz/img/819/28/8192824_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_7d9d0eabda982e0c7f2b8336714ff82e.jpg
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде көміртегі тотығымен уланып, үш ауыл тұрғыны қайтыс болды. Марқұмдардың денесін туыстары тапқан, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин. Төтенше жағдай Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка ауылында болған. Оның мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша 114 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежедегі жарақат алған. Өрттің 77%-ы тұрғын үй секторына тиесілі. Негізгі себеп - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өңірде жалпы 24 тұрғын көміртегі тотығымен уланған.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/819/28/8192824_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_1dec0e230165f95ef64062bb586f6308.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, газ, улану
солтүстік қазақстан облысы, газ, улану
Солтүстік Қазақстанда үш адам газға уланып, қайтыс болды
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде көміртегі тотығымен уланып, үш ауыл тұрғыны қайтыс болды.
Марқұмдардың денесін туыстары тапқан, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин. Төтенше жағдай Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка ауылында болған.
"Алдын ала болжам бойынша марқұмдар көміртегі тотығымен уланған. 1966 және 1988 жылы туған әйелдердің және 1961 жылы туған ер адамның денесі табылды. Отбасының төртінші мүшесі аман қалды, ол аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Растихин.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері облыс бойынша 114 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тауып, төртеуі түрлі дәрежедегі жарақат алған. Өрттің 77%-ы тұрғын үй секторына тиесілі.
Негізгі себеп - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өңірде жалпы 24 тұрғын көміртегі тотығымен уланған.