АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Қазақстанға Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни келді, деп хабарлайды Ақорда.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев встретил в аэропорту Астаны Эмира Катара шейха Тамима бен Хамада Аль Тани, прибывшего с рабочим визитом в Казахстан
© Photo
Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды. Қатар Әмірі Қазақстанға жұмыс сапарымен келген.
Бүгін екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқыланады.
Қатар Әмірі Астанаға келді
© Photo
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қатарға жалпы құны 250 миллион доллар болатын 60-қа жуық өнім түрінің экспортын арттыруға дайын. Сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту үшін екі ел арасында тікелей әуе қатынастарын ашу маңыздылығы сөз болды.