https://sputnik.kz/20221012/qazaqstan-men-qatar-pandemiya-kezinde-basendep-ketken-sauda-sattyqty-zhandandyrady-28391909.html
Қазақстан мен Қатар пандемия кезінде бәсеңдеп кеткен сауда-саттықты жандандырады
Қазақстан мен Қатар пандемия кезінде бәсеңдеп кеткен сауда-саттықты жандандырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Қатар тауар айналымын жандандыруды көздеп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп... 12.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-12T13:11+0500
2022-10-12T13:11+0500
2022-10-12T13:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_6271df3c364a026c194a1d29a4f3baea.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Қатар тауар айналымын жандандыруды көздеп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаев Қазақстан мен Қатар екіжақты қарым-қатынастағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударатынын атап өтті.Президент қазір Қатардың бірнеше компаниясы Қазақстанның ауыл шаруашылығына саласында табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Айтуынша, олардың өнімі бірқатар мемлекетке экспортталады.Сонымен қатар Қазақстан геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика, қаржы және банк секторын дамытуға уағдаласты. Осыған орай маңызды құжаттарға қол қойылды."Жалпы, Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес. Себебі Доха біздің әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Мен мұны бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім", - деді мемлекет басшысы.Тоқаев екі ел де жаһандық және өңірлік деңгейдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға зор жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді."Халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты ұстанымдарымыз ұқсас. Бүгінгі екіжақты кездесудің нәтижесінде маңызды мәселелерді талқылап, бірқатар келісімге келдік. Жоғары мәртебелі шейх Тәмимнің елімізге осы сапары саяси сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.Тоқаев болашақта қазақ-қатар ынтымақтастығы тың серпінмен дамитынына сенімін білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/15/7481500_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_c0feef814205df404c8c8a1e4f490dc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Қатар тауар айналымын жандандыруды көздеп отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Қазақстан мен Қатар екіжақты қарым-қатынастағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударатынын атап өтті.
"Алайда коронавирус індеті және геосаяси ахуал әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермеді. Сол себепті соңғы жылдары сауда-саттығымыз бәсеңдеп кетті. Ендігі мақсатымыз – елдеріміз арасындағы тауар айналымын жандандыру. Бұған қолайлы жағдай жасалды. Экономикалық байланысты кеңейту жолында үкіметаралық бірлескен комиссия және іскерлік кеңестер маңызды рөл атқарады", - деді президент Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Президент қазір Қатардың бірнеше компаниясы Қазақстанның ауыл шаруашылығына саласында табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Айтуынша, олардың өнімі бірқатар мемлекетке экспортталады.
Сонымен қатар Қазақстан геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика, қаржы және банк секторын дамытуға уағдаласты. Осыған орай маңызды құжаттарға қол қойылды.
"Жалпы, Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес. Себебі Доха біздің әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Мен мұны бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев екі ел де жаһандық және өңірлік деңгейдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға зор жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді.
"Халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты ұстанымдарымыз ұқсас. Бүгінгі екіжақты кездесудің нәтижесінде маңызды мәселелерді талқылап, бірқатар келісімге келдік. Жоғары мәртебелі шейх Тәмимнің елімізге осы сапары саяси сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Тоқаев болашақта қазақ-қатар ынтымақтастығы тың серпінмен дамитынына сенімін білдірді.