Бүтін бір отбасы апатқа түсті - ауруханада тағы бір бала қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақмола облысында жол апатына түскен бүтін бір отбасының тағы бір баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Жол апатында түскен отбасының 16 жастағы қызы бүгін қайтыс болды.
"Жол апатынан кейін дереу ота жасалды. Ауыр ми жарақаты болды. Баланың іш құрылысының бәрі езіліп кеткен. Ауруханаға түскендегі жағдайы өте ауыр болды, қан қысымы 50-ге дейін төмендеп кеткен", - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Жасөспірім кеше түнгі сағат 22:20-да қайтыс болды.
Ал оның анасы мен інісі әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр.

Апат қалай болды

Еске сала кетсек, 6 маусымда Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында бүтін бір отбасы жол апатына түсті. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 10 жастағы ұлы қайтыс болды. Әйелі мен тағы екі баласы ауруханаға жеткізілген болатын.