https://sputnik.kz/20230607/otbasy-apatqa-tusti-bala-aurukhanada-qaytys-boldy-35714292.html
Бүтін бір отбасы апатқа түсті - ауруханада тағы бір бала қайтыс болды
Бүтін бір отбасы апатқа түсті - ауруханада тағы бір бала қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақмола облысында жол апатына түскен бүтін бір отбасының тағы бір баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ауруханасының... 07.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-07T16:53+0500
2023-06-07T16:53+0500
2023-06-07T17:58+0500
отбасы
апат
аурухана
https://sputnik.kz/img/1021/43/10214345_96:0:2500:1352_1920x0_80_0_0_004438cd39fa3d55e43721705a68b455.jpg
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақмола облысында жол апатына түскен бүтін бір отбасының тағы бір баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ауруханасының баспасөз қызметі. Жол апатында түскен отбасының 16 жастағы қызы бүгін қайтыс болды. "Жол апатынан кейін дереу ота жасалды. Ауыр ми жарақаты болды. Баланың іш құрылысының бәрі езіліп кеткен. Ауруханаға түскендегі жағдайы өте ауыр болды, қан қысымы 50-ге дейін төмендеп кеткен", - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі. Жасөспірім кеше түнгі сағат 22:20-да қайтыс болды. Ал оның анасы мен інісі әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Апат қалай болдыЕске сала кетсек, 6 маусымда Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында бүтін бір отбасы жол апатына түсті. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 10 жастағы ұлы қайтыс болды. Әйелі мен тағы екі баласы ауруханаға жеткізілген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/43/10214345_659:0:2462:1352_1920x0_80_0_0_9076248990cc1f1b44843ca2a241ec02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасы, апат, аурухана
Бүтін бір отбасы апатқа түсті - ауруханада тағы бір бала қайтыс болды
16:53 07.06.2023 (жаңартылды: 17:58 07.06.2023) АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Ақмола облысында жол апатына түскен бүтін бір отбасының тағы бір баласы қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Жол апатында түскен отбасының 16 жастағы қызы бүгін қайтыс болды.
"Жол апатынан кейін дереу ота жасалды. Ауыр ми жарақаты болды. Баланың іш құрылысының бәрі езіліп кеткен. Ауруханаға түскендегі жағдайы өте ауыр болды, қан қысымы 50-ге дейін төмендеп кеткен", - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Жасөспірім кеше түнгі сағат 22:20-да қайтыс болды.
Ал оның анасы мен інісі әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске сала кетсек, 6 маусымда Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында бүтін бір
отбасы жол апатына түсті. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысқан.
Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 10 жастағы ұлы қайтыс болды. Әйелі мен тағы екі баласы ауруханаға жеткізілген болатын.