Біразы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: ҰҚҚ соңғы екі айда тәркіленген қаруды көрсетті

Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. 2023 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Ұлттық қауіпсіздік қызметі, полиция және прокуратура органдары Қазақстан аумағында 42 қару, 8 граната, танкке қарсы 2 снаряд, 4 мың түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіледі.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар күш құрылымдары оқ өткізбейтін кеудешелер, автомат оқжатарларын, радиостанциялар мен пышақтар тапты.
1 / 5

тәркіленген қару-жарақ

2 / 5

тәркіленген қару-жарақ

3 / 5

тәркіленген қару-жарақ

4 / 5

тәркіленген қару-жарақ

5 / 5

тәркіленген қару-жарақ

Табылған қарулардың біразы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қаңтар оқиғасы: Алматыда 25 адамға сот үкімі шықты