АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Жетісу облысында екі күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті табылды.
Polisia.kz 15 жастағы оқушының денесі 6 маусымда Панфилов ауданында Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылғанын хабарлады.
"Криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамалар жасап, барлық мән-жайды мұқият тексереді", - делінген ақпаратта.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен 200-ден астам ерікті қосылған.