Оқиға

Жетісу облысында жоғалған оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Жетысуской области Жетісу облысында жоғалған оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды
Жетісу облысында жоғалған оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Жетісу облысында екі күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті табылды.
Polisia.kz 15 жастағы оқушының денесі 6 маусымда Панфилов ауданында Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылғанын хабарлады.

"Криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамалар жасап, барлық мән-жайды мұқият тексереді", - делінген ақпаратта.

Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен 200-ден астам ерікті қосылған.
Озеро Иссык-Куль на рассвете - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2023
Қарағанды облысында оқушы қыз суға батып кетті
Жаңалықтар
0