АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Теңізге батып кете жаздаған 24 жастағы Қазақстан азаматы Таиланд ауруханаларының бірінде көз жұмды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
Еске сала кетейік, ол Таиландқа қалыңдығымен бірге демалуға барды. Олар шомылып жүргенде толқын көтеріліп, қалыңдығы суға кете бастаған. Жігіт қалыңдығын құтқаруға ұмтылды. Бірақ оны құтқарғанымен, өзі толқын астында қалып қойды.
Ол сол елдегі ауруханаға орналастырылды. Алайда туыстары оның денсаулығы туралы мардымды ақпарат ала алмай отырғандарын хабарлаған.
Жігіттің әпкесі інісін елдегі ауруханаға жеткізу үшін сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған болатын.
Сыртқы істер министрлігі жерлесімізді елге жеткізу үшін қазақстандық дәрігерлердің консилуим қорытындысы қажет екенін мәлімдедеген еді.