Таиландта теңізге батып кете жаздаған қазақстандық комада жатыр: СІМ түсініктеме берді

CC0 / / Виды Таиланда
Виды Таиланда - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстандық Таиландта демалыста жүрген інісі суға батып кете жаздағанын, қазір ес-түссіз ауруханада жатқанын айтып, мемлекеттік органдардан оны елге жеткізу бойынша тиісті көмек көрсетуді сұрады.
"Ол өз қалыңдығымен бірге Таиландқа демалысқа кеткен. Олар шомылып жүргенде толқын көтеріліп, қалыңдығы суға кете бастаған. Менің бауырым қалыңдығын құтқаруға ұмтылды. Бірақ оны құтқарғанымен, өзі толқын астында қалып қойды", - деп жазды ол.
Әйелдің айтуынша, әуелі Таиланд дәрігерлері 24 жастағы Артурдың жағдайына қатысты мардымды ақпарат бермеген. Қазір ол комада жатыр.
"Артурды Қазақстанға әкелуін өтінеміз, өйткені Таиландтағы ауруханаға шетелдік азаматты емдеу тиімді емес және мұны олар жасырып отырған жоқ. Жергілікті БАҚ тіпті Артурдың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты, бірақ олай емес. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінен Артурды санитарлық авиациямен тез арада отанына жеткізуге көмектесуін сұраймыз!", – деп жазды ол.
Сыртқы істер министрлігі жерлесімізді елге жеткізу үшін қазақстандық дәрігерлердің консилуим қорытындысы қажет екенін мәлімдеді.
"Зардап шеккен азаматты Таиландтан Қазақстанға санитарлық авиациямен жеткізу үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол қорытынды Таиланд дәрігерлерінің медициналық қорытындысы негізінде жасалады. Консул қазір осы мәселемен айналысып жатыр. Жігіттің ата-анасы Пхукетте, олар дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздерге қатысып жатыр", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды жергілікті биліктің талаптары мен ережелерін сақтап, ауа райы қолайсыз кезде теңізде суға түспеуге шақырды.
Жаңалықтар
0