Өңірлер

Қарағандыда құбырдағы ақау салдарынан жолдарда су атқылауы мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қарағандыда жылу жүйесіндегі жұмыс кезінде құбыр жарылды. Мұның салдарынан қалада "субұрқақтар" болуы мүмкін, деп ескертті "Жылутранзит Қарағанды" ЖШС.
Апат Архитектурная көшесінің бойындағы жылу жүйесінде гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде болған.
"Тестілеу кезеңінде қаланың сынақ жүргізіліп жатқан бөліктерінде "субұрқақтар" пайда болуы мүмкін. Жылу желілерінің жанына көлік қалдырмаңыздар. "Жылутранзит Қарағанды" ЖШС қызметкерлері қауіпті аймақтан шығуды сұрағанда, талапты дереу орындаңыздар. Өйткені жылу желілері жерүстінде ғана емес, жерастында да бар", - деді мекеме өкілдері тұрғындарға.
"Жылутранзит Қарағанды" жыл сайын жылу желілеріндегі ақауды анықтау үшін гидравликалық сынақтар өткізеді. Бұл жылу беру кезеңінде оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қажет, деп түсіндірді компаниядағылар.
Оқиға
Қарағандыда несие беретін мекемені тонап кетті