Өңірлер

"Өркен" спорт мектебінің қызметкерлері 16 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Спорт мектебінде жеті жыл бойы жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударылған
Sputnik
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Жетісу облысында "Өркен" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдар аралығында жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударып келген.
"Тергеу барысында шын мәнінде жұмыс істемеген алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Агенттік Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.
Субсидия алған кейбір пысықайлар бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген - Тоқаев