Алматы әкімдігі: құрылыс басқармасы қызметкерлерінің ұсталғаны жалған

Sputnik
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы әлеуметтік желілерде баяндалған ақпарат шындыққа жанаспайды",- делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, басқарма өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетері, әлеуметтік желілерде Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.
Жалған түбіртек берген: Алматы облысында энергиямен қамту мекемесінің қызметкері сотталды