АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті.
"19 мамырдан бастап “Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң күшіне енді", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл заңмен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау” деген саралау белгілері енгізілді.
Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін.