АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қанның ұюын болдырмау үшін дәрігерлер зиянды әдеттерден аулауқ болуға, темекі мен алкогольден бас тартуға, көп су ішуге және жеміс-жидектерді көбірек жеуге, тұрақты медициналық тексеруден өтуге кеңес береді.
Қандағы липидтердің деңгейін төмендетуге және тамырларды тегіс етуге ықпал ететін төрт өнім бар, деп хабарлады ИноСМИ порталы.
Құрма
Бұл жемісте көптеген қоректік зат бар: тағамдық талшықтар және пектин заттары. Олар жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық аурулардың тиімді алдын алу үшін маңызды компоненттер болып саналады. Құрма асқазан жарасы мен жөтелді емдеуде де пайдалы.
Үрмебұршақ (фасоль)
Оның құрамында калий, магний, темір және тағамдық талшықтар сияқты құнды заттар бар. Бұл элементтер қан тамырлары үшін ғана пайдалы емес. Бұршақ сонымен қатар арықтауға және терінің күйін жақсартуға көмектеседі. Оны күн сайын қалыпты мөлшерде тұтынуға болады.
Бадам (миндаль)
Бұл жаңғақ адам ағзасындағы холестерин деңгейін төмендетуге және қан тамырлары ауруларының дамуына жол бермейтін қоректік заттарға бай. Бадам жүрек-қантамырлары жұмысына өте пайдалы.
Көкөніс
Көкөністерде С дәрумені, хлорофилл және қандағы липидтерді төмендететін және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алатын басқа да ингредиенттер көп.