Павлодар облысындағы ауылда бір ғана оқушы мектеп бітірді

Sputnik
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Павлодар облысының ауылында бір ғана түлекке арнап соңғы қоңырау соғылды.
Ерекше мектеппен қоштасу Екібастұз қаласының Төртқұдық ауылында болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Бүгін Төребаевтар әулетінде көңіл толқытар сәт. Әулеттің кенжесі Данияз мектеппен қоштасты.
Төртқұдық ауылында биылғы оқу жылын жалғыз түлек тәмамдайды.
"Сыныпта жалғыз оқушы болу, әрине қиын. Үй тапсырмасын орындап келу міндетті. Себепсіз сабақты да босатпайсың. Тіпті, сабақтан қашып кету де мүмкін емес", - дейді түлек.
Әрі оның сынып жетекшісі өзінің туған ағасы. Түлек мамандық таңдауда көп ойланған. Ақырында ол да аға-әпкесінің жолын қуып, ұстаздық жолды таңдапты.
Соңғы қоңырау: 172 мың оқушы мектеп бітірді