Соңғы қоңырау: 172 мың оқушы мектеп бітірді

© Sputnik / Абзал Калиевархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
172 мың түлек 11 сыныпты бітірді, оның 6 мың 800-і "Алтын белгі" үміткерлері.
"Ал 9-шы сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар", - делінген хабарламада.
Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады. "Этноауыл", "Жаздық жолдама" жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.
Министрлік мәліметінше, жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды.
Жазда еңбек еткісі келген балалар "Жасыл ел" бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.
Последний звонок 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Шымкентте түлектердің мектеппен қоштасу шараларына рейд жүргізіледі
Жаңалықтар
0